Ресейдегі жол апатынан 15 адам мерт болды

741

Ресейдегі жол апатынан 15 адам мерт болды

Ресей Федерациясының құрамындағы Марий Эл Республикасында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 15 адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.

Қаза тапқандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер де бар. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі – бала.

Марий Эл басшысының айтуынша, жол апатына шағын автобустың жүргізушісі кінәлі. Ол алдындағы көліктен басып озбақ болып, қарсы жолаққа шыққан. Алайда үлгере алмай, ағаш тиеген жүк көлігіне қатты жылдамдықпен келіп соққан. Апат кезінде автобус жүргізушісі де мерт болды. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу