Ресейдегі жол-көлік апатынан Қазақстан азаматы қаза болды

919

Ресейдегі жол-көлік апатынан Қазақстан азаматы қаза болды

Ресейде болған жол-көлік апатында қазақстандық қаза болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

"Соңғы мәлімет бойынша, Ресейдегі Владимир облысында болған жол-көлік апатында жолаушылар автобусында Өзбекстанның 55 азаматы мен Қазақстанның екі жүргізуші азаматы болған. Олардың бірі қаза болып, енді бірі Покров қаласында уақытша орналастыру пунктінде.

Ресейдегі Қазақстан дипломаттары қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсетеді", - деп жазды баспасөз өкілі.

Еске сала кетсек, Ресейдің Владимир облысында, Покров теміржол бекетінің маңында  пойыз бен автобус соқтығысып, 16-дан аса адам қаза тапты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу