Ресейден әкелінген көлік иелері 60 мың рет жол ережесін бұзған

1072

Бұл тек Алматы қаласында тіркелген деректер.  

Ресейден әкелінген көлік иелері 60 мың рет жол ережесін бұзған

Алматыда жыл басынан бері Ресейде тіркелген көлік жүргізушілері 60 мыңға жуық заң бұзушылық жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Шаһарда жыл басынан бері Ресейден әкелінген көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 364 құқық бұзушылық тіркелді. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 21,3 млн теңгеден астам соманы құрады. Айта кету керек, жол қозғалысына қатысушылардың осы санатындағы көлік жүргізу ережені жиі бұзады. Шет мемлекеттердің нөмірлері “Жол қозғалысы қауіпсіздігі” және “Сергек” автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы танылмайды деп жаңылысып, олардың жүргізушілері барлық жерде жол қозғалысы ережелерін бұзады. Жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды және т.б. Мұндай жағдайлар жол апаттарына әкеледі. Түрлі қулыққа бару арқылы жауапкершіліктен жалтару әрекеттері сәтті аяқталмайтынын және нәтижесіз болатынын ресми түрде мәлімдейміз. Заң – бәріне бірдей. Жол қозғалысы ережелері қатаң сақталуы тиіс", – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу