Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалдарына жауап бере келе:
"Елімізге нақты қанша адам келгенін айта алмаймын. Қазір бұрынғы қалыпқа келдік. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандардан аз. Тәулігіне Ресейден 8-9 мың адам келеді, ал 10-11 мың адам шығып жатыр. Осылайша, бұрынғы көрсеткіштерге оралдық", – деді министр.
Еске сала кетсек, 21 қыркүйек Ресейде ішінара мобилизация жарияланып, ресейліктер Қазақстанға ағыла бастады. Нәтижесінде, шекарада көлік кептелісі түзіліп, елімізде пәтер бағасы қымбаттады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу