Ресейдің АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Бұл лауазым өткен жылдан бері бос тұрды.  

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі тағайындалды Фото: rbc.ua

Бүгін Ресейдің АҚШ-тағы елшісі лауазымына Александр Дарчиевтің келгені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты NDTV хабарламасына сілтеме жасап. 

РФ президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысқа байланысты екіжақты қарым-қатынастың нашарлауынан өткен қазан айында Вашингтондағы бұрынғы арнайы өкілі Анатолий Антоновты шақыртып алған болатын. 

– Америкалық тарап Дарчиевті тағайындауға келісімі туралы ресми нота тапсырды, – деп хабарлады РФ СІМ.

1992 жылдан бері Дарчиев Ресейде әртүрлі дипломатиялық лауазымда қызмет атқарды, соңғы уақытта Ресей Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік Америка департаментінің директоры болды. 

– Ол жақын арада Вашингтондағы қызмет орнына кетеді деп күтіліп отыр, – деп қоса кетті министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу