Ресейдің Амур облысы Благовещенск қаласында минивэн тротуарда кетіп бара жатқан адамдарды қағып кеткен.
Салдарынан 3 адам қаза тапқан, оның екеуі бала. Сонымен қатар тағы 6 адам ауруханаға түскен, оның үшеуі бала. Кешірек зардап шеккен 50 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірімнің ауруханада мерт болғаны анықталды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 14 жастағы бала мен 32 жастағы әйел реанимацияда жатыр және олардың жағдайы өте ауыр. Зардап шеккен тағы 14 жастағы бала мен 19 жастағы қыз реанимациядан травмотология бөліміне ауыстырылған.
Оқиға орнына 9 жедел жәрдем тобы шақырылған. Зардап шеккендердің барлығы Амур облысының ауруханасына жеткізілген. Адамдарды қаққан жүргізушінің өзі жеңіл жарақат алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатып көлікті басқара алмай қалған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ішімдікке сылқия тойған жүргізуші жол жиегіне шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып өткен.
Ресейің Тергеу комитеті іс қозғады, жүргізуші 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол қазір қамауда. Амур облысында ойын-сауық іс-шараларына тыйым салынған.