СҚО-да Ресейден заңсыз тасымалданған 200 тонна бидайдың жолы кесілді, деп хабарлайды khabar.kz
Тексеріс кезінде 10 жүргізушінің тауарға деген фитосанитарлық қағазы болмай шықты. Құзырлы қызметкерлер оларға 500 мың теңге айыппұл салып, жүктерімен бірге Ресейге қайтарып жіберді. Бір қызығы, ұсталғандардың барлығы – Қазақстан азаматы.
Өңірде арзан астық тасымалын тию үшін 4 ауданда мобильді топ құрылды. Олардың дерегінше, бір аптаның ішінде Қазақстан шекарасын астық артқан 26 жүк көлігі кескен. Оның 16-сының ғана құжаты түгел.
Қазір көрші Ресейде 3-ші сыныпты бидайдың тоннасы 34 мың теңге шамасында. Сондықтан кейбір кәсіпкерлер оны арзанға алып, мемлекетке қымбатқа сатқылары келеді.
"Егер бидайдың барлық құжаты дұрыс болса, жүргізушіні жібереміз. Оларға шектеу қойылмаған. Бірақ жүк туралы салық комитиеті мен "Азық-түлік" корпорациясына хабарлаймыз. Бұл – Ресейдің арзан астығын мемлекетке қымбатқа сатудың алдын алуға бағытталған шара", - дейді облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Владимир Отрадных.