Ресейдің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның тәжірибесімен танысуда

1336

Ресейдің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның тәжірибесімен танысуда

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында "Мемлекеттік басқару: Қазақстан тәжірибесі" тақырыбында Ресей Федерациясының басқарушылық кадрлар резервінің бастапқы және перспективалы деңгейі үшін тағылымдамадан өту бағдарламасы басталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Атап айтқанда, тағылымдамадан өту бағдарламасына Мәскеу, Санкт-Петербор, Хакасия Республикасы, Қалмық Республикасы, Саха Республикасы және Новосібір, Қорған, Калининград облыстары мен Ресей Федерациясының басқа да өңірлерінен 30 мемлекеттік қызметші қатысуда. Бағдарлама мақсаты  – Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының тәжірибесімен таныстыру. Осы тұста тағы бір айта кетерлік жайт, тағылымдамадан өту бағдарламасы Ресей тарапының сұранысына байланысты ұйымдастырылуда.

Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасының  экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру ісімен, сонымен қатар,  мемлекеттік басқару тәжірибесі және тұрақты даму саясаты барысымен танысу қарастырылатын болады. Тағылымдамадан өту іс-шаралары барысында Ресей тарапы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ, Мемлекеттік корпорация, "Үкімет-азаматтар үшін", "Экономикалық зерттеулер институты", сондай-ақ басқа ұйымдардың өкілдерімен кездеседі. Мұнымен қоса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оқыту шаралары жоспарлануда. 


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу