Ресейге жақын ауданда тұратындарға шекарадан өту жеңілдемек

733

Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар.

Ресейге жақын ауданда тұратындарға шекарадан өту жеңілдемек

Енді Ресейге жақын ауданда тұратын азаматтар шекараны кесіп өту үшін тіркеу кітабын көрсетпеуі мүмкін. Тек мекенжай анықтамасы болса жеткілікті. Мұндай өзгеріс жаңа заң жобасында қаралып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, қазіргі таңда анықтаманың бірыңғай үлгісі жасалып, Петропавлда сынақ ретінде енгізілген. Әзірге осы мәселеге қатысты ешқандай сұрақ туындап жатқан жоқ деді министр.

"Екі ел арасындағы шекара 7 500 шақырымнан асады және әлемдегі ең ұзын шекара болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы іске асырылады. Сонымен бірге, шекара маңындағы тұрғындарға арналған 86 өткізу бекеті жұмыс атқаруда. Олардың барлығына анықтама үлгісі жіберілді. Заң жобасы ратификацияланғаннан кейін, Ресей тарапына да жолдаймыз",– деді Бейбіт Атамқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу