Ресейлік ғалымдар коронавирус геномын анықтады

1898

Медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Лиозновтың айтуынша, генетикалық сараптама жаңа коронавирус эволюциясын болжауға және вакцина жасауға септігін тигізбек.

Ресейлік ғалымдар коронавирус геномын анықтады

РФ Денсаулық сақтау министрлігінің А.А. Смородинцева атындағы тұмауды зерттеу институтының ғалымдары Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирустың толық геномын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Институт директорының орынбасары Дмитрий Лиозновтың сөзінше, зерттеу нәтижесі ғалымдардың жұмысын алдағы уақытта біраз жеңілдетпек. Яғни вакцина дайындау, вирусты жоятын дәрі-дәрмек шығару немесе індеттің табиғатын түсіну әлдеқайда жеңілдемек. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, енді бұл мәлімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен жаһандық зерттеу топтарының деректер базасына жіберілетін болады. 

Соңғы ресми деректерге сүйенсек, әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 217 мыңнан асты. Ал қаза тапқандардыкі шамамен 8900-ға жеткен. Ресейде науқастардың саны 147-ге жетіп, 1 адам көз жұмды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу