Ресейлік қадағалаушы қазақстандық кәсіпорындарға салған шектеуді алып тастады

871

Бұған дейін отадық үш ет өңдеушінің өнімдерін Ресейге кіргізуге тиым салынған болатын.

Ресейлік қадағалаушы қазақстандық кәсіпорындарға салған шектеуді алып тастады

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі 14 қазаннан бастап қазақстандық үш ет өңдеуші кешені өнімдерін кіргізуге салынған шектеуді алып тастады. Олар: "Арай-East-Food" ЖШС, "Біржан ет өңдеуші зауыт" ЖШС, "Ижевский" ӨК. Енді аталған кәсіпордар өнімдерін Ресей нарығына еркін шығара алады. 

ҚР Ауыл шарушалығы министрлігі мен ветеринарлық бақылау комитеті ЕАЭО пен Ресейдің өндіріс талаптарын сақтау туралы кепілдік берді. Нәтижесінде бүгіннен бастап шектеу алынды, деп хабарлайды ресейлік қадағалаушы. 

Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар кәсіпорындарына ветеринарлық-санитарлық норманы бұзды деген желеумен өнімдерін Ресей аумағына тасымалдау туралы тыйым салынған еді. 

Еске сала кетсек, жақында "Зенченко и К" да көрші елдің қара тізімінен түскен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу