Ресейлік көрермендер онлайн платформаларда фильмдер сатып алмайтын болған

376

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9%-ды құрады, ал 2018 жылы фильмдерді сатып алу бейне қызметтері кірісінің 38%-ын алатын еді.

Ресейлік көрермендер онлайн платформаларда фильмдер сатып алмайтын болған Фото: google.com

Жеке фильмді немесе сериалды (TVoD) сатып алудан, сондай-ақ картиналарды жалға беруден (EST) онлайн-кинотеатрлардың кірістері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ең төменгі деңгейге дейін жетті және бейне платформалардың жиынтық кірісінің тек 2% құрады. 

Бұған "ТМТ консалтинг" компаниясының зерттеу деректері дәлел бола алады, деп жазады Inbusiness.kz.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9%-ды құрады, ал 2018 жылы фильмдерді сатып алу бейне қызметтерінің кірісінің 38%-ын алатын еді.

Дегенмен осы жылдың қаңтар-маусымында жазылымнан (SVoD) төлемдер үлесі едәуір өсті (82%-ға), 2018 жылы жазылымға онлайн-кинотеатрлар табысының тек 62%-ы ғана тиесілі болды.

Сондай-ақ, фильмдер мен сериалдар ұсынатын кем дегенде бір онлайн қызметке жазылған үй шаруашылықтары санының өсуі байқалады. Бір жыл бұрын Ресейде мұндай үй шаруашылықтары 11 миллион болса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында — 14 миллионға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу