Ресейлік құрамада өнер көрсете бастаған Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атанды

916

Ресейлік құрамада өнер көрсете бастаған Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атанды

Жақында Ресейдің шахмат командасы құрамына ауысқан шахматшы жерлесіміз Бибісара Асаубаева 12 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Грузияның Батуми қаласында өткен балалар арасындағы әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева 12 жасқа дейінгі шахматшылар арасында топ жарып, кезекті алтын медалін жеңіп алды.

Бибісара Асаубаева тамыз айының соңында Ресейге ауысып кеткен еді.

Айта кетейік, Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Танымал интелектуалдық ойынға 4 жасында атасы баулыған екен. Ол еліміздегі талантты шахматшылардың бірі болды. Жастығына қарамастан оқушылар арасында үш мәрте әлем чемпионатын ұтқан. Бір рет 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында әлем біріншілігінде топ жарған. 7 жасында әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері атағын алған. Бибісара шахматтан бөлек, көркем гимнастикамен де айналысады. Спорттың бұл түрінен Астана қаласының екі дүркін чемпионы атанған. Болашақта көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы болуды және шахматтан әйелдер арасында әлем чемпионы атануды көздейтінін талай рет сұхбаттарында айтқан еді.

Шахматшы қыздың анасы Лиана Таңжарықова бұған дейінгі берген сұхбаттарында Федерация тарапынан қолдаудың аздығына қынжылыс білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу