"Ресми өтініш болған жоқ" – Энергетика министрі Ресейдің Қазақстаннан жанармай сұрауы туралы айтты

265

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстаннан Ресейге бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.  

"Ресми өтініш болған жоқ" – Энергетика министрі Ресейдің Қазақстаннан жанармай сұрауы туралы айтты Фото: kolesa.kz

Бұған дейін Reuters агенттігі Ресей тарапы жанармай тапшылығын Қазақстаннан 50 мың тонна жанармай алу арқылы шешуді қарастырып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осыған байланысты журналистер министрден Ресейдің Қазақстаннан бензин жеткізуді сұрағаны туралы ақпараттың рас-өтірігін нақтылады.

"Ресей тарапынан бізге ресми түрде ешқандай өтініш түскен жоқ. Тағы да қайталап айтамын, мұндай ресми сұраныс болған жоқ", – деді Ерлан Ақкенженов Үкімет кулуарында.

Министр Ерлан Ақкенженов Ресейден ресми өтініш түссе, бұл сұрақ белгіленген тәртіппен қаралатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу