Республика бойынша пайдаланылатын судың 97% оңтүстіктегі 4 облысқа тиесілі – Мағзұм Мырзағалиев

610

Халық пайдаланылатын судың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырымды құрайды. Оның 15 текше шақырымы – ауыл шаруашылығында, 6 текше шақырымы – өнеркәсіпке, 1 текше шақырымы – коммуналдық шаруашылықта қолданылады. 

Республика бойынша пайдаланылатын судың 97% оңтүстіктегі 4 облысқа тиесілі – Мағзұм Мырзағалиев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары өзен ағынының нақты ресурсы жылына 90-100 текше шақырымды құрады. Оның 51-ге жуық текше шақырымы – жергілікті ағын, қалғаны Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келді. 

"Тасымалдау кезіндегі шығын 3 текше шақырымды құрайды. Ал экологиялық 
жүйелерді қолдау үшін шамамен 50 текше шақырым қажет", –  деді Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, соңғы 3 жылда Қазақстан судың азаюын сезініп отыр. Былтыр өзен ағысының жалпы көлемі 83 текше шақырымды құрады. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 20% кем. 

"Республика бойынша пайдаланылатын судың 97% оңтүстіктегі 4 облысқа тиесілі. Биыл ел көлемінде 13,3 текше шақырым су пайдаланылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1текше метрге көп көрсеткіш", –  деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу