Режеп Тайып Ердоған: Қантөгісті тезірек тоқтату қажет

779

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде сөйлеген сөзінде Украинадағы соғысты тоқтату қажеттігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Режеп Тайып Ердоған: Қантөгісті тезірек тоқтату қажет Фото: aa.com.tr

"Біз Украинадағы дағдарыстың салдарын аймақтық және жаһандық деңгейде сезініп отырмыз. Дипломатия арқылы ғана әділ бейбітшілікке қол жеткізуге болады. Соғыста жеңімпаздар да, жеңілгендер де болмайды. Екінші жағынан, біздің БҰҰ-мен және тараптармен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі күш-жігерімізді әлем мойындады. Қара теңіз арқылы украин астығын экспорттау туралы Стамбул келісімі және өткен айда тұтқындармен алмасуды атап өтуге болады. Біздің мақсатымыз барлық қиындықтарға қарамастан, осы қарқынды жоғалтпай, қайткенмен де қантөгісті тезірек тоқтату", – деді Түркия көшбасшысы.

Бұдан бөлек ол Ауғанстандағы мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.

"Ауғанстанда бейбітшілік пен келісім орнату заңсыз көші-қон ағындарының, террористік әрекетті алдын алу тұрғысынан үлкен маңызға ие. Біз Ауғанстанды қиын жағдайда қалдыра алмаймыз. Халықаралық қауымдастық ретінде гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруымыз керек", – деді Режеп Тайып Ердоған.

Айта кету керек, осыған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенконың АӨСШК саммитінде сөйлеген сөзінде Батыс елдерінің әрекетін сынға алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу