РФ Ішкі істер министрлігінің Қазақстандағы уәкілетті өкілі тағайындалды

1132

РФ Ішкі істер министрлігінің Қазақстандағы уәкілетті өкілі тағайындалды

19 қазанда Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Өкілетті елшілігінің бастамасы бойынша ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымов пен Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Өкілетті Елшісі М.Бочарниковтың жұмыс кездесуі өтті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының уәкілетті өкілінің лауазымына тағайындалған полиция полковнигі Гир Андрей Вон-Меновичті таныстырды.

Кездесу барысында екі елдің құқыққорғаушылары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу