Риддер қаласының тұрғындар тағы да ыстық сусыз қалды. Кеше қалада жылыу қазандығы да тоқтатылған болатын.
Жуықта "Риддер ЖЭО" АҚ-да іске қосылған орташа қысымды қазандық агрегаты қайтадан тоқтатылғаны туралы жазған болатынбыз.
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген, - деді Риддердегі "Су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан.
Оның айтуынша, ыстық сумен жабдықтау бүгін түстен кейін қайта басталады.
Сондай-ақ, қала әкімдігі жақын арада тағы бір орта қысымды қазандық іске қосылатынын хабарлайды. Күн суыта бастаса әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылуға қосыла бастайды.