Риддер қаласындағы үйлер тағы да суып кетті

542

Екі қазандық уақытша тоқтатылған.  

Риддер қаласындағы үйлер тағы да суып кетті Фото: Google

Риддер қаласындағы үйлерден тағы да жылу кете бастады. Тұрғындар баспаналарының суып кеткенін айтып, редакциямызға хабарласты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Риддердегі жылу электр орталығынан ақау шығып, бір қала толық жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.

Қаңтар айының 11-нен бері риддерліктер үйлерінің қайта суып кеткенін айтып, шағымданып жатыр.

"Үйіміз қайта салқындап кетті. Қосымша электр пештерін қосып жылтып отырмыз. Қысым жоқ па білмедік. Жылу аз. Бұл тек біздің үйде ғана емес, көршілеріміздің бәрінде осы жағдай", - дейді Риддер қаласының тұрғыны Арман Амантайұлы.

Осы ретте, жылу электр орталығының басшылығы бұған не себеп болғанын түсіндірді.

"Температураның төмендеуі қосалқы электр жабдықтарын шұғыл жөндеуге байланысты орташа қысымды екі қазандықтың уақытша тоқтатылуынан болды. Қазіргі уақытта ақаулар жойылып, орташа қысымды қазандықтарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады "Риддер ЖЭО" АҚ-дан.

Ұсынылған мәліметке сүйенсек, қазір ЖЭО-да бір орта қысымды №2 қазандық және жоғары қысымды екі №4 және №5 қазандық жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу