Риддердегі жылу электр стансасын прокуратура тексеруге кірісті

603

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында болған төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, мәселе аймақ басшысы Даниал Ахметовтың жеке бақылауында.  

Риддердегі жылу электр стансасын прокуратура тексеруге кірісті Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддердегі жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

"ШҚО прокуратурасы жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады. Халықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Орталық қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленген", - делінген ақпаратта.

Кеше Риддердегі жылу электр орталығында қазандықтар жұмысын тоқтатып, тұрғындар жұлусыз қалғанын еске саламыз. Орталықтағы төтенше жағдай сапасыз мазут салдарынан болғаны анықталды. ЖЭО басшылығының салғырттығынан мазутқа су қосылып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу