Рим Папасы қайтыс болды

548

Ол 88 жасында өмірден озды.

Рим Папасы қайтыс болды Фото: vijesti.me

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Франциск – Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск – бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.

Жақында ол өкпе дертіне байланысты, оның ішінде, бронхит пен пневмониямен ауырып, Римдегі Джемелли клиникасына жатқызылған еді. Бұл оның понтифик кезеңіндегі төртінші әрі ең ұзақ ауруханаға жатуы болған.

Еске сала кетейік, Рим папасы 2022 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу