Ринат Зайытов елімізде UFC шебері Шавкат Рахмоновтың турнирін өткізуді ұсынды

256

Құзырлы орган Жәнібек Әлімханұлынының елде жекпе-жегін өткізу мәселесін қарастыруы мүмкін. 

Ринат Зайытов елімізде UFC шебері Шавкат Рахмоновтың турнирін өткізуді ұсынды Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақстанда ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының турнирін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткенде Черчесовпен (ред. – футболдан ұлттық құраманың бас бапкері) болған дауда мемлекеттік тіл жағына шыққаныңызға өз атымнан алғыс білдіремін. Заңның аясында федерацияға министрліктің ықпалы тек аккредитация алу тұрғысында ғана күшейді. Енді лимит тағайындау, мемлекеттің моральдық келбетіне тіл тигізетін немесе нұқсан келтіретін жағдайларда да әсер ете алатындай құзырет берілсе, осыған ойыңыз қалай? Бізге әлемде елдің назары ауған спорт түрлерінде екі көкжалымыз бар. Біреуі – Шавкат Рахмонов, екіншісі – Жәнібек Әлімханұлы. Кезінде Геннадий Головкиннің бір жекпе-жегін Қазақстанда көруді армандап едік", – деді Ринат Зайытов министрге.

Мәжілісмен Жәнібек Әлімханұлы мен Шавкат Рахмоновтың турнирін өңірлерде өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, спортшы Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі қарсыласының жарақат алуына байланысты кейінге шегерілген. Бұдан бөлек келешекте кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлынының елде бір жекпе-жегін өткізу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін футболдан ұлттық құрамаға қыруар қаржы бөлініп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу