Ринат Зайытов: "Оқушылардың телефон ұстауы жақсы нәрсе емес"

439

Халық қалаулысы оқушылардың кітап оқу деңгейі төмендеп кеткенін айтады.

Ринат Зайытов: "Оқушылардың телефон ұстауы жақсы нәрсе емес" Фото: pxhere

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың оқушылардың мектепке телефон алып келуін шектеуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өте дұрыс. Тыйым салынуын қолдаймын. Оқушылардың телефон ұстауы жақсы нәрсе емес. Соның салдарынан кітап оқу деңгейі қатты төмендеп кетті. Бұл – біздің комитетте әзірленген заң жобасы. Оны толық құптаймын. Телефоннан балаларды шектеу керек", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, білім алушылар телефонды мұғалімнің рұқсатымен ғана қолдануы тиіс.

"Қытайда балаларды телефон тәуелділігінен емдейтін арнайы мекемелер бар. Кадрларды көрсеңіз, жан түршігеді. Балалардың жүйкесі әбден тозып кеткен. Ұялы телефонды бір күн қарамаса, күйзеліске түсіп, өзіна-өзі қол жұмсауға дейін барып жатады. Бұл жақсы емес. Ата-аналар үйде шектеу қоя алмайды, сондықтан да мектеп қабырғасында шектеу болғаны құба-құп", – деп қорытындылады ол.

Еске салайық, осыған дейін оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу