Еуропалық ел Украинаға әскери көмек беруден бас тартты

245

Бұл туралы күні кеше белгілі болды.      

Еуропалық ел Украинаға әскери көмек беруден бас тартты Фото: Tomas Tkacik / Keystone Press Agency

Словакия билігі Украинаға әскери көмек беруден тұратын жобаларды қаржыландырмайды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Роберт Фицо айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фицо Словакияның Украинаға әскери көмек ретінде ешқандай қару-жарақ немесе қаржылық қолдау көрсетпейтінін, қару сатып алуға арналған жобаларға қатыспайтынын анық айтты.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Ресей газын Украина арқылы тасымалдауды қайта бастау аса маңызды мәселе болып отыр.

"Шығыстан батысқа қарай газ ағымы қайта қалпына келмейінше, біз бәсекелесе алмаймыз", - деді Словакияның үкімет басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Словакия Премьер-министрі Еуроодақ ескертуін елемей, Мәскеуге аттанбақшы екенін жазғанбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу