Робот-ассистенттің көмегімен 5 пациентке операция жасады

348

Ота МӘМС аясында алғаш рет елордада жасалды.  

Робот-ассистенттің көмегімен 5 пациентке операция жасады Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Елордада Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО дәрігерлері робот-ассистенттің көмегімен бес пациентке ерекше операция жасады. Оларға МӘМС аясында құны екі млн теңгеге жуық операция жасалды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласының филиалына inbusiness.kz сайты сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын медициналық сақтандыру қаражаты есебінен халыққа травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология және т.б. бойынша жүздеген қымбат операция жасалады.

Бүгінгі таңда тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие.

Елордада академик Н.Ж. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығында 5 пациентке роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды. Эндопротездеудің идеясы – адамның зақымдалған буынын жасанды имплантпен алмастыру. Зақымдалған аймақтың 3D сканерлеуінің арқасында робот көмекшісі пациенттердің буынына барлық параметрлерді математикалық тұрғыдан мінсіз есептей отырып имплант қоюға мүмкіндік берді. Операциялар IT мамандарының қатысуымен компьютерлік навигация арқылы жасалды.

"Жақында бізде робот-ассистенттің көмегімен тізе буынын толық эндопротездеу бойынша операциялар жасалды. Робот – бұл біздің қай жерде екенімізді көріп қана қоймай әрі бір миллиметрге дейін, бір градусқа дейін құралдың орнын реттей алатын ақылды құрал, ал адам дәл ол сияқты тұп-тура көре алмайды. Нәтижесі жаман емес. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Олар балдақтың көмегімен жүре алады. Операцияға дейін олардың қозғалуы қиын болатын. Қазір операциядан кейін оларға еш шектеу жоқ, буындары бүгіліп, толық қозғалыса алады. Тізе буынын эндопротездеу шамамен 2 млн теңгені құрайды, оған импланттар, операция, күніне төсек-орын, анестезия, қажеттілік бойынша барлық тексерулер мен емдеу кіреді. Барлық операциялар МӘМС жүйесінде пациенттерге тегін жүргізілді", - деді Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО бөлімшесінің №7 травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сләмов.

Қазіргі уақытта пациенттер оңалтудың 1 кезеңінен өтіп жатыр. Бір жарым айдан кейін олар орталықта қайта оңалтудан немесе тұрғылықты жері бойынша оңалтудың келесі кезеңдерінен өтуі мүмкін.

Оңалту құны – 380 мың теңге, операция құны – шамамен 2 миллион теңге. Пациенттерге арналған операциялар да, оңалту іс-шаралары да МӘМС жүйесінде жүргізіледі.

2023 жылдың басынан бастап Астана дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына тізе мен жамбас буындарын ауыстыру бойынша операциялар жасады.

Еске сала кетсек, Президент "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу