Рок-н-ролл ханшайымы Тина Тернер қайтыс болды

406

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасы хабарлады.

Рок-н-ролл ханшайымы Тина Тернер қайтыс болды Фото: BBC

Америкалық танымал әнші Тина Тернер 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тина Тернердің қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймыз. Өзінің музыкасымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен ол бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерді баурап, болашақ жұлдыздарды шабыттандырды. Бүгін біз өзі арамыздан кеткен, бірақ ұлы туындыларын: өзінің музыкасын қалдырған қымбатты досымызбен қоштасамыз. Біз оның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тина, біз сені қатты сағынамыз", - делінген жазбада.

Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кірген. Rolling Stone журналы оны "заманымыздың ең ұлы әншілерінің бірі" деп атаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу