"РОП-ты қайтарыңдар!"

346

Президенттің өзі жапқызған Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының жұмысы қайта жандануы мүмкін.

"РОП-ты қайтарыңдар!" Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін қалдықтарды басқару қауымдастығының өкілдері қарапайым халық арасында "РОП" деген қысқа атаумен танылған жүйені қайтару туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Астанада өтіп жатқан форум аясында осы саладағы өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Сарапшылар қалдықтарды қайта өңдеу бағытында Қазақстанның рейтингі әлі төмен дейді. Ал мәселелерді шешу үшін ең алдымен заңнама мінсіз болу керек екен. Содан соң қоқыс жәшігінен бастап, сұрыптау цехына дейінгі тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру да маңызды. Мамандар бәрінен бұрын "осы салада бизнес жасауға деген қызығушылықты арттыру керек" деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу