"Роснефть" пен саудиялық Sabic Үндістандағы мұнай өндіруші зауытын кеңейтпек

815

Қос тарап осыған қатысты меморандумға қазан айында қол қоймақ.

"Роснефть" пен саудиялық Sabic Үндістандағы мұнай өндіруші зауытын кеңейтпек

Яғни ресейлік компания мен инвесторлар бірлестігі иелік ететін Вадинардағы Nayara Energy мұнай өндіруші зауыты кеңейтіледі.

Владимир Путин қазан айында Сауд Арабиясына сапармен барған кезде меморандумға қол қойылуы керек. Ресми дерекке сүйенсек, Nayara Energy зауытына 6,7 млрд доллар көлемінде инвестиция құю көзделіп отыр.

Айта кетейік, Nayara Еnergy  зауытының 49,13 пайызы "Роснефть" компаниясына тиесілі. Ресейлік компания өндіріс орнының активін 2017 жылы халықаралық инвесторлар бірлестігімен бірігіп сатып алған.Бұл консорциумның құрамына Trafigura мен UCP да кіреді.

Ал Nayara Energy-дің иелігінде Үндістандағы көлемі бойынша ең ірі зауыттардың бірі, мұнай сақтайтын қойма, порт пен инфрақұрылым бар.

"Роснефть" бұған дейін инвесторлар консорциумының мұнай зауытының өндірісін екі есе ұлғайтуды қарастыратынын айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу