"Итбалықтарды терісінде желі немесе өзге де балық аулайтын құралдардан түскен жарақат іздері жоқ, сондықтан ғалымдар жануарларды сойып көруде. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, гипоксия белгілері, оттегі жетіспеушілігінен ағзада пайда болатын өзгеріс белгілері бар", - деді Светлана Радионова.
Ғалымдардың пайымдауынша оттегі жетіспеушілігіне табиғи газдың таралуы ықпал етуі мүмкін. "Росприроднадзор" басшысы нақты қорытынды апта соңында шығарылады деп мәлімдеді.
Соңғы деректерге сәйкес, Дағыстанда Каспий теңізінің жағасынан 2,5 мың итбалықтың өлексесі табылған. Өңірдегі табиғат қорғау ведомствасы итбалықтардың қырылуы табиғи фактор, ал олардың жалпы саны 270-300 мың шамасында, тұрақты деңгейде екенін хабарлаған болатын.
Осыған дейін Дағыстанда Каспий жағалауынан итбалықтың 2500-ге жуық өлексесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.