Роза Рымбаеваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

1969

Президенттің тиісті Жарлығы жарияланды.

Роза Рымбаеваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойд. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Рымбаева Роза Қуанышқызы - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы – "Жезқазғантүстімет" ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша

№ 207

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу