Рудный қаласында жылу магистралі істен шығып, тұрғындар жылусыз қалды

460

Техникалық ақау бүгін таңғы сағат 08:30-да болған.  

Рудный қаласында жылу магистралі істен шығып, тұрғындар жылусыз қалды Фото: zakon.kz

Рудныйда жылу магистралінен ақау шығып жүздеген тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

"Дзержинскийден Ленинге дейінгі аралықтағы Горняков көшесіндегі жылу трассасы жабылды, 24 көпқабатты үй, 59 жеке сектор, 17 заңды тұлға ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды",- деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Рудныйда бірнеше апат орын алып, онда төтенше жағдай енгізілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу