Рудныйда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

781

Рудныйда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Рудный қаласындағы жол апатынан 25 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, көлік оқиғасы бүгін сағат 19.00 шамасында Ленин және Марите көшелерінің қиылысында болған. Жітіқарадан келе жатқан микроавтобус жол қиылысындағы BMW автокөлігіне соғылды.

"Көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустағы 1993 жылы туған жолаушы көз жұмды. Көлік ішіндегі тағы 10 адам және жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті", - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір апат орнында жергілікті полиция жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу