Румынияда карантиннің күшейтілуіне қарсы ереуіл өтті

556

Наразылық шаралары Браила, Галац, Тимишоара, Констанца және елдің басқа қалаларын да шарпыды.

Румынияда карантиннің күшейтілуіне қарсы ереуіл өтті

Румынияда биліктің шектеулер енгізуіне қарсы наразылық шаралары өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. 

Ел астанасы Бухарест қаласындағы ереуіл университет алаңында басталған. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, қатысушылар маска кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. Олар міндетті түрде маска кию режимі, коменданттық сағат және мейрамханаларды жабуға қарсы екенін білдіру үшін көшеде ұрандатқан. Бас көтергендер жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де тарай бастаған.  

Ескере кететін жайт, Румынияда пандемияға байланысты шектеу шаралары күшейтілген болатын. Нақтырақ айтқанда, демалыс күндері 20:00-ден 22:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Наразылық шаралары Браила, Галац, Тимишоара, Констанца және елдің басқа қалаларында да өтті. 

Табиғат Нұрболат

Фото: romania-insider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу