Румынияда шектеу шараларына қарсы ереуілдер басылмай тұр

570

Бұған дейін елде коменданттық сағат жарияланған еді.

Румынияда шектеу шараларына қарсы ереуілдер басылмай тұр

Румынияда шектеу шараларын күшейтуге қарсы ереуілдердің басталғанына үш күн болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Agerpres басылымына сілтеме жасап.

30 наурызда бас көтергендер Бухаресттегі университет алаңына жиналып, шеру өткізді. Олар ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері, үкіметтің штаб-пәтері және мемлекет басшысының резиденциясының алдына барып наразылықтарын білдірді. Шеруге қатысқандардың басым бөлігі бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, шамамен 2 мыңға жуық адам ереуілге қатысқан. Олар үкіметке қарсы ұрандар айтып, премьер-министр Флорин Кицу мен ІІМ Мемлекеттік хатшысы Раед Арафаттың отставкаға кетуін талап етті. 

Бұған дейін Румыния билігі коронавирустың таралуына қарсы шектеу шараларын күшейткен болатын. Нақтырақ айтқанда, демалыс күндері 20:00-ден 22:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, дүкендердің жұмыс істеу уақыты қысқартылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: GettyImages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу