Сот барысында айыпталушы жұмыста қысым көргенін жеткізіп, әйелі Руслан Берденовті үлгі етіп, ажырасуға арыз бергенін де жайып салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы, күдікті Ернар Жиенбайды 4 адвокат қорғауда, оның бірі – әкесі.
Бүгін Шымкент қаласының әкіміне, орынбасары Руслан Берденовке және келіншегіне қатысты резонансқа толы сөздер айтқан сотталушы қастандық жасауының себебін түсіндіріп көрді.
– Бұл сөзімді халық естісін деймін. Бұл жағдайдың жұмысқа еш қатысы жоқ. Бәрі қызғаныштан шыққан. 6-сыныптан бері бірге оқыдық. Ол – менің адал жарым, сүйікті әйелім. Мен оның ешқашан бөтен біреумен сөйлесіп тұрғанын көрген емеспін. Ол – жақсы отбасыдан шыққан, тәрбиелі қыз. Әлеуметтік желілерде жазып жатқандай жеңіл мінезді емес, – деді сотталушы.
Бұған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған азамат сотта өз шындығын айтып, ел дүрлігетін мәлімдеме жасады.