Саакашвили аштығын тоқтатты

1200

Бір айдан аса уақытқа созылған қарсылық акциясы аяқталды. 

Саакашвили аштығын тоқтатты

Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили бір айдан астам уақыт бұрын жариялаған аштық акциясынан кейін тамақ іше бастады. Бұл туралы медициналық кеңес мүшесі Нино Шарашенидзе айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Науқас кесте бойынша тамақ ішуге көшті, денсаулық жағдайы тұрақты", – деді дәрігер.

Нино Шарашенидзенің айтуынша, Саакашвили барлық қажетті терапиядан өткен.  

"Біз тиісті емдеу тактикасын әзірледік, бұл процеске тек кеңес мүшелері ғана емес, сонымен қатар республикалық аурухананың дәрігерлері мен гастроэнтеролог дәрігерлері де қатысты", – деп түсіндірді ол.  

Оның айтуынша, саясаткердің басы ауырып, дәрігерлер оны мұқият бақылауда. 

Еске сала кетейік, қазан айының басында Саакашвилидің Грузияда ұсталғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда ол аштық жариялаған. Шамамен 10 күннен кейін оның жағдайы нашарлай бастады. Қазан айының екінші жартысында саясаткердің қозғалуы қиынға соққан. Қараша айының ортасында Саакашвили қан құса бастағаны хабарланып, бірнеше күннен кейін экс-президенттің есінен танып, жансақтау бөліміне ауыстырылғаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу