Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды

1092

Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды. Бұл туралы оның анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Жейделер, свитшоттар, спорттық костюмдер сияқты киімдер желісі Sabina20 деген брендпен шығатын болады. Спорттық киімдердің бұл желісін Сабина Алтынбекова отандық Zibroo Sportswear дизайнерлік компаниясымен бірігіп ойластырған екен. Айта кетейік, Рио ойындарындағы Қазақстан құрамасының киімдерін осы компания дайындаған болатын.

"Құрметті достар! Біз өткен конкурстың қорытындыларын шығардық және өз жеңімпазымызды таңдадық! Біздің жүлде – Сабина брендінен спорттық киім Астанаға жіберіледі! Жеңімпазды құттықтаймыз! Конкурстың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз! Сабина спорттық бренді және оның командасы Zibroo Sportswear бірлесіп S20 логотипімен спорттық киімдер желісін әзірледі. Енді сізде Алматы, Сейфуллин көшесі 534 дүкендерінде спорттық киімдерді (футболкалар, свитшоттар, спорттық костюмдер және т.б.) сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Сатылымның ашылу күні 19 қараша 2016 жыл. Келіңіз, қызықты болады! Мен 13:00 дүкендердің бірінде боламын:). Кездесеміз, араласамыз, суретке түсеміз:) және кейін онлайн сатылымды қосу жоспарлануда. Сіздерді көретініме және жағымды әсерлермен бөлісетініме қуаныштымын", - деп жазды Сабина Instagram желісіндегі парақшасында.

"Бізге осымен бірнеше жыл бойы түрлі ұсыныстар түсті, бірақ біз олардан бас тартып жүрдік. Ал киім желісін шығару жайлы ұсыныс айтылғанда, біз ойланып қалдық. Кейіннен келіссөздер жүргізіп, келісімшартқа да қол қойыдқ. Енді өзіміздің брендімізді мақтанышпен көрсете аламыз. Киімдердің барлығы Қазақстанда жасалған. Сапасы отандық дизайнерлердің киімдерінен кем түспейді. Дизайны біз ұнады. Логотипті Сабинаның өзі ойластырды", – деді Сабинаның анасы.

Айта кетейік, Алматыда 19 қарашада Сабинаның киімдер желісінің алғашқы дүкені ашылады. Кейінірек онлайн сатылымға шығару жоспарланып отыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу