Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-3 наурызда Қазақстанға келіп, мемлекеттік сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді талқыламақ.
Сондай-ақ ол Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен, премьер-министр Асқар Маминмен, Қазақстанның бизнес өкілдерімен кездеседі.
Ескере кететін жайт, бұл – Садыр Жапаровтың осы қызметіндегі екінші шетелдік сапары. Өткен аптада ол іссапармен Мәскеуде болды.
Осыған дейін, Қырғызстан президенті ресми іс сапармен Қазақстанға келетіні жайлы ақпарат тараған болатын.
Табиғат Нұрболат