"Сағатына 160 шақырыммен келе жатырмыз": Ресейде қазақстандықтар отырған көлік апатқа ұшырады

4772

Оқиғадан Қазақстанның 20 жастағы тұрғыны Денис қатты зардап шекті (аты-жөні туыстарының өтініші бойынша өзгертілді).  

"Сағатына 160 шақырыммен келе жатырмыз": Ресейде қазақстандықтар отырған көлік апатқа ұшырады Фото: Челябі көлік инспекциясы

Ол жақында әскери қызметін өтеп, басқа аймақтағы туыстарына бару үшін Челябі әуежайына жол жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты оның тәтесінің 74.RU-ге берген сұхбатынан үзінділер келтіріп. 

Toyota жолаушылары мен куәгерлер оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда не болғанын айтып берді. 

Денистің туыстары оның жағдайы ауыр дейді, қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Денис – Қазақстанның тумасы. Жақында ол әскердегі қызметін аяқтап, Ханты-Мансийск автономиялық округіндегі туыстарына ұшу үшін Челябі әуежайына бет алған.

"Одан келген соңғы SMS: "біз сағатына 160 шақырым жылдамдықпен келеміз". Біз барлық зардап шеккендер үшін дұға етеміз, бірақ жүргізуші әлі өз ісі үшін жауап береді", – дейді Денистің апайы. 

Ол жиеніне бес сағат ота жасалғанын, әзірге дәрігерлер ешқандай болжам жасай алмай отырғанын хабарлады: "Жүйке жүйеміз сыр бере бастады. Ата-анасы Қазақстаннан шықты, біз ХМАО-дан ұшып келеміз. Бар үміт – дәрігерлерде", - дейді әйел. 

Минивэн жолаушысы Натальяның айтуынша, Денис жүргізушінің оң жағында отырған. 

"Оның қолдары, мойны, иық сүйегі, қабырғалары, жамбасы сынған. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр", – деп қосты Наталья.

Апат түнгі сағат 3:00 шамасында Челябинск облысында орын алған. Қазақстандық нөмірлі Toyota Alphard Челябинск бағытында жолға шыққан.

Оқиғадан алты жолаушы зардап шекті, оның ішінде 10 жасар бала бар. Жолаушылардың бірі айтқандай, жүргізуші жол бойы телефонға қарайлап, қатты жылдамдықпен жүрген.

Челябі облысының Мемлекеттік автоинспекциясы ЖКО фактісін растап, жолаушылардың бірі, 60 жастағы әйел қайтыс болғанын хабарлады. Тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханада жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу