Сайлау кезінде жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғаны расталды

511

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сайлау кезінде жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғаны расталды Фото: Тұрар Қазанғапов

"Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінде жұмыс істеген №279 сайлау учаскесінде жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактісі анықталды. Желіде заңбұзушылық анық бейнеленген видео тарады. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, тиісті тұлғаларға айыппұл салынды. Атап айтқанда, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілді", - деді Нұрлан Әбдіров баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, дәл осы Ақтас кентінде бақылаушы болған Шыңғыс Примов заңсыздықтарды айтқан болатын. Оның айтуынша, 279-сайлау участогы сағат сайын бақылаушыларды "еден жуып тазалаймыз" деген сылтаумен далаға шығарып жіберген. Осындай үзілістің кезінде Шыңғыс Примов  ұялы телефонының камерасын қосып шығып кеткен.

ОСК төрағасының айтуынша, ұқсас құқық бұзушылық Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі №455 сайлау учаскесінде де тіркелген. Бұл оқиғадан кейін хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу