“Сайлауға кандидат ретінде тіркелген”: Астанада пышақталып, жарақатпен ауруханаға түскен директор туралы дерек шықты

617

Отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.  

“Сайлауға кандидат ретінде тіркелген”: Астанада пышақталып, жарақатпен ауруханаға түскен директор туралы дерек шықты Фото: primeminister.kz

Астанада мектеп директоры әрі сайлауға кандидат ретінде тіркелген әйел жұбайын пышақтап өлтірген, деп жазады inbusiness.kz “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 34 жастағы әйел суық қаруды қорғану мақсатында пайдаланған. Мектеп директорының 10 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол - биология пәнінің мұғалімі, кейіннен директор болған.

“Өте еңбекқор адам. Өте ашық адам. Өз ісін өте жақсы біледі. Ұйымдастыру қабілеті өте жоғары деңгейде. Иә, әрине бұл қайғылы жағдай. Өзіміз де төбемізден жай түскендей болып қалдық”, - деді Гүлнаш Токишева Астана қаласы №65 мектеп директорының міндетін атқарушы.

“Құзырлы органдардың мәліметінше, әуелі күйеуі пышақпен әйелінің мойнын тіліп өтіп, кейіннен кеуде тұсын жарақаттаған. 34 жастағы келіншек өзін өзі қорғау мақсатында жарына суық қару ала жүгіріп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталыпты”, - делінген “Информбюро” таратқан мәліметте.

Еске салайық, осыған дейін елордада пышақталып, жарақат алған мектеп директоры ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу