Құрама Штаттарда сайлаушылар алқасы демократ Джозеф Байденді жаңа президент етіп бекітті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Калифорния штатындағы сайлаушылар оған 55 дауыс беріп,осылайша жинаған жалпы дауыстарының саны 302-ге жетті. Дональд Трампта бар болғаны 232 дауыс. Саяси додада жеңу жету үшін үміткер 270 дауыс жинауға тиіс.
Қазіргі президент өзінің жеңілгенін мойындар емес. Ол сайлаудың қорытындысына шағымданып, сотқа арыз берген болатын. Байден болса, саяси тартыстың әділ өткенін айтып, халықты бірлікке үндеді.
Еске сала кетсек, АҚШ-тағы президенттік сайлау 3 қарашада өткен еді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң бірқатар жергілікті басылымдар есептерін жариялап,Байден жеңіске жетеді деп мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат
Фото: bbc.com