Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Жол көлік оқиғасы Сарыағашқа бара жатқан жолда орын алған.  

Сәкен Майғазиев жол апатына түсті Фото: Instagram парақша

Танымал қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Алла сақтады. Әсіресе ана көлікті қаққан екен. Құдай оны бағанаға соғудан сақтап қалды. Біз Сарыағашқа келе жатқан едік, осындай жағдай орын алды. Бәрі жақсы болсын енді", – деді Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында.

Бейнежазбада екі көліктің соқтығысқаны көрінеді. 

Әнші барлығын жолда сақ болуға шақырды.

"Жол тар, көлік көп. Бір бірімізді басып озамыз деп осындай жағдайға тап болдық", - деді Майғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу