Сақшылар "Елбасының сүйікті әндерін" айтып сайысып жүр

531

Қостанай облысының полицейлері ән айтудан алдына жан салмайды.

Сақшылар "Елбасының сүйікті әндерін" айтып сайысып жүр Фото: elbasy.kz

ІІМ Тұрғыш Президент күні қарсаңында ұжымдар арасындағы ән байқауының қорытындысын жариялады. Жас ұрпақты Тұрғыш Президенттің сүйікті әндері арқылы тәрбиелеуді мақсат еткен конкурстың қалай өткенін министрдің кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып берді.

"ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ІІМ-де "Туған жер кеңістігінде Елбасының сүйікті әндері" атты ішкі істер органдарының көркемөнарпаздар вокалдық ұжымдарының конкурсы өткізілді. Конкурсқа қатысушылар Тұңғыш Президенттің сүйікті әндерін онлайн режимде орындады. Байқау полиция қызметкерлерінің мәдени деңгейін арттыруға, қатардағы көркемөнерпаздар санын көбейтуге бағытталған. Бірінші кезеңде аумақтық ішкі істер органдары қызметкерлері арасында ішкі конкурстар өткізілді. Оның ішінен финалдық бөлімде өнер көрсету үшін номинанттар іріктелді. Екінші кезеңде жіберілген бейнематериалдарды қарау және финалға қатысу үшін қосымша таңдау болды. Финал 25 қарашада ІІМ базасында өтті. Оған 20 ұжым қатысты. Айта кету керек, байқау онлайн режимде алғаш рет өткізіліп отыр. Байқау қорытындысы бойынша Қостанай облысы полиция департаментінің ұжымы бірінші орынға ие болды. Екінші орын Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының ұжымдарына, үшінші орын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы және Қызылорда облыстарының ұжымдарына берілді. Байқау аяқталғаннан кейін Ішкі істер министрі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді көтермелеу туралы бұйрыққа қол қойды", - деді ІІМ өкілі

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу