Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға қандай шара қолданылады?

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 4 күннен соң ақталады.   

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға қандай шара қолданылады? Фото: egemen.kz

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Дегенмен, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады.

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Төленбеген 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады.

"Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.

Осылайша, артық шығындарға жол бермеу үшін салықты уақытында төлеуді сұраймыз. 

Қазіргі уақытта, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары "Каспий банк" АҚ және "Халық банк" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.

Есептелген салық сомаларын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банк" АҚ және "Халық банк" АҚ мобильді қосымшаларында көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу