Салық жеңілдіктері 300 млрд теңгеге қысқарды

217

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, мемлекеттік органдармен, Атамекен ҰКП-мен, сарапшылармен, экономистермен бірлесіп Салық кодексінің 739 жеңілдікті тармағына ревизия жүргізілді.  

Салық жеңілдіктері 300 млрд теңгеге қысқарды Фото: qazcrypto.kz

Нәтижесінде 93 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда 300 млрд теңгеден астам сомаға 93 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылады. Бұдан басқа, 400 млрд теңгеден астам сомаға 29 салық жеңілдігі бойынша қолданылу мерзімі шектеледі", - деді спикер.

Сонымен қатар, 451 жеңілдіктің 132-сі, тек 29%-ы ғана цифрландырылған, яғни нормалардың 71%-ында салық есептілігі нысандарында сәйкес келетін жолдар жоқ.

"Енді жеңілдік салық есептілігі нысандарында міндетті түрде көрініс табатын болады. Бұдан басқа, тиісті салалық мемлекеттік органға тиімділік көрсеткіштерінің мониторингі бойынша міндеттемелерді бекіту ұсынылады", - деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу