Салыққа амнистия жарияланды

741

ҚР президенті Салық кодексіне енгізілген тиісті түзетулерге қол қойды. 

Салыққа амнистия жарияланды

Ақорда сайтында жазылғандай, Қазастан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер  туралы" (Салық кодексі) Кодекс пен Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексіне түзетулер енгізу туралы" заңға қол қойды. 

Құжатта негізгі қарыз сомасын 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген салық төлеушілердің 1 сәуірге дейін дербес шотында жиналған өсімпұлы жойылсын деп жазылған. 

2020 жылдың 1 шілдесінен жыл соңына дейін халықаралық жүк тасымалдайтын кәсіпорындарға арналған ершік тартқыш көліктерді (седельный тягач) бастапқы тіркеу үшін талап етілетін алымның да күші жойылады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу