"Самара-Шымкент" тас жолында 52 шетел азаматы жолда қалып қойған

278

ТЖМ құтқарушылары 52 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Самара-Шымкент" тас жолында 52 шетел азаматы жолда қалып қойған Фото: gov.kz

Түнде "Самара-Шымкент" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұрып қалды.

"ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары және 6 адам Тәжікстан Республикасының азаматтығы бар жолаушылар басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу