Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолының бойында автобус аударылып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 27 маусымда Самара-Шымкент тас жолының 916-шы шақырымында Бөгетсай ауылының маңында болған.
"Паз-32054" автобусының жүргізушісі ҚР ЖКЕ 10.1-тармағын бұзған. Яғни, жол қозғалысына кедергі мен қауіп төнген жағдай жылдамдықты төмендету бойынша шаралар қабылдамай көлік құралы толық тоқтағанға дейін басқара алмай қалған. Көлік оңға қарай аударылып кеткен", – деп жазылған хабарламада.
Жолаушылар Ырғыз ауданы, Калинин ауылынан отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатқан.
Апат салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде екі адам жарақат алған. Тағы бірі сынықпен Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Құралай Құдайберген