Самарқанд қаласына кіру төрт күнге шектеледі

659

Өзбекстанда 14-17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетініне байланысты Самарқанд қаласына кірер жолдар жабылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Самарқанд қаласына кіру төрт күнге шектеледі

"14-15-16 және 17 қыркүйекте Самарқанд қаласына келуді жоспарлағандардан сапарларын басқа уақытқа ауыстыруды сұраймыз. Дәл осы күндері Самарқанд қаласына кіруге шектеу қойылады", – деп хабарлады қалалық ІІД.

Бұл күндері транзиттік вагондар үшін айналма жолдар ұйымдастырылады. Тек жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдар мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне көшелерді айналып өтуге рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу